БҰҰДБ-ның өкілі Астана хаб конференциясына қатысты

885

Жиынға әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

БҰҰДБ-ның өкілі Астана хаб конференциясына қатысты

27 қазанда өткен Астана мемлекеттік қызмет хабының "Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық" жылдық конференциясы өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш Астана мемлекттік қызмет хабына жоғары баға берді. 

"Соңғы жылдары бұл хаб көпжақты, институционалдық платформаға айналып, әртүрлі маңызды трансформациялық өзгеріс әкелетін процестерге демеу болды. Бұл өте маңызды. Шектеулер мен қиындықтарға қарамастан хаб өзінің тәжірибесімен, білімімен бөлісуде. Бұл жұмыс өте жақсы кері байланысқа ие болуда. Астана мемлекеттік қызмет хабының бүгінгі конференциясы әр түрлі тараптардың басын қосып отыр. Бұл сегізінші конференция. Бұл конференцияның өтуі – жақсы белгі", – деді БҰҰ өкілі. 

27 қазанда Астана мемлекеттік қызмет хабының "Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық" жылдық конференциясының ашылуы өтті. Оған әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Конференция 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн және онлайн форматында өтеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу