Бұзақылар жүк көлігін "тоқсаныншы жылдардың тәсілімен" тонаған

967

115 литр сұйық май үшін істі болды.

Бұзақылар жүк көлігін "тоқсаныншы жылдардың тәсілімен" тонаған

Оқиға 25 желтоқсанда болған. Өскемен-Алматы бағытымен сұйық май әкетіп бара жатқан  МАN көлігіне жеңіл автомобиль қарсы жүйткіген. Апаттан жалтарған жүк көлігінің жүргізушісі жол жигендегі қарға кіріп кетеді. Осы сәтті пайдаланған жеңіл көліктегілер жүргізушіні бопсалап, күнбағыс майы құйылған 31 құтыны тартып әкеткен.

"Дабыл ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальонына 25 желтоқсан күні таңғы сағат 3.00-де түскен. Патрульде жүрген сақшылар тонаушыларды дер кезінде ұстап, "олжаны" иесіне қайтарды. 33,29,21 жастағы үш жігіттің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу