Бұзылық су қоймасының құрылысына 43 млрд теңге бөлінеді

1096

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елорда мен Ақмола облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты Сенат депутаттарының сауалына жауап берді.

Бұзылық су қоймасының құрылысына 43 млрд теңге бөлінеді  Фото: egemen.kz

Оның айтуынша, Бұзылық су қоймасын 2027 жылға дейін салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz

"Бүгінгі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жалпы құны 630,8 млн теңгені құрайтын Егіндікөл ауылынан Степняк қаласындағы астық қабылдау пунктіне дейінгі ұзындығы 15 км Нұра топтық су құбыры учаскесін реконструкциялау жобасын іске асыруда. Биыл жобаны іске асырудың басында республикалық бюджеттен 330 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Жоба 2024 жылдың шілдесінде аяқалады деп жоспарланған. Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 337 км болатын Нұра топтық су құбырының қалған учаскелерін реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. Реконструкциялаудың құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды", - деп хабарлады Премьер-Министр.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, он жүзеге асыру кезеңі 2024-2026 жылдар деп көзделген.

"Су тасқыны ағынының бір бөлігін реттеу және жинақтау, сондай-ақ оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуі және төменгі орналасқан Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысы үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі биылғы шілдеде Есіл контрреттегішін (Бұзылық су қоймасы) салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтайды. Құрылыстың болжамды құны – 43 млрд теңге. Іске асыру кезеңі – 2024 – 2027 жылдар", - деді ол.

Бұдан бөлек елорданы кепілдендірілген сумен жабдықтау мақсатында осы жылдың аяғына дейін "Астана су қоймасын толықтыруға арналған құрылыстар салу" жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталмақ. 

"Жоба Қ.Сәтпаев атындағы каналдан Есіл өзенінің арнасына түбін тереңдету және арнаны тазарту арқылы су жіберуді, сондай-ақ одан "Астана Су арнасы" МКК сорғы станциясының алаңына дейін тірек қоршау құрылысжайын салуды қарастырады", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу