Биыл 230 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

251

Оның 97,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.    

Биыл 230 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды Фото: inbusiness.kz

1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 315,2 мың қазақстандық қатысты. 230,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 97,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 132,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 12,5 мың адам, жастар практикасында 9,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 90,0 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 5,1 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 175 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 36,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 32,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 38,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 24,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 110,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.

Жыл басталғалы 4 355 грант берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу