Былтыр "ҚТЖ" 28 млрд теңге таза табыс тапты

871

Былтыр "ҚТЖ" 28 млрд теңге таза табыс тапты

2016 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның таза табысы 28 млрд теңгені құрады. Компанияның тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісі 2016 жылы 90 млрд теңге болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарында биылғы, 2017 жылы таза табысты 29 млрд теңгеге жеткізу көзделді. Компанияның тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісін 2017 жылы 127 млрд теңгеге жеткізу жоспарланды.

2017 жылы компанияның жалпы жүк айналымын 188,7 млрд. тонна-шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

2016 жылы жолаушылар айналымы 18057 млн жолаушы-км құрады. 2017 жылы жаңа бағдарлардың іске қосылуына орай, оның ішінде ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында жолаушылар айналымы бұрынғыдан арта түседі деп күтілуде.

2017 жылы ҚХР-ЕО елдеріне транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 230 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 2,2 есеге артатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу