Былтыр 100 мыңнан астам маңғыстаулық тісін тегін емдеткен

503

Былтыр Маңғыстау облысында МӘМС бойынша 109 133 тұрғынға, соның ішінде 79 980 балаға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Былтыр 100 мыңнан астам маңғыстаулық тісін тегін емдеткен Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықов емханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және стоматология бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қызмет көрсетілетіндігін мәлімдеді.

"Бүгінде тіс емханасында 136 маман қызмет етеді. Емхана мемлекеттің жіті бақылауында болғандықтан медициналық қызмет құнының шегі белгіленген. Мәселен, емханада ең төменгі баға 5000 теңгеден басталады. Брекет салдыру секілді ортодонтиялық қызметтер ақылы", - деді Қуат Машырықов.

Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар мен әлеуметтік көмек алатын жандарға 10%-дан 20%-ға дейін жеңілдіктер көзделген. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы түрде тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі. Қуат Машырықов стоматологиялық орталықта былтыр 2101 жүкті әйел тегін емделгендігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу