Былтыр 107,3 млрд кВт сағат электр энергиясы тұтынылды

1022

Елімізде электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 181 электр станциясы жүзеге асырады.  

Былтыр 107,3 млрд кВт сағат электр энергиясы тұтынылды

2020 жылы қуат нарығы шеңберінде электр энергиясын өндіру секторына тартылған инвестиция көлемі 82 млрд теңгеден асты.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның сөзінше, елімізде біртұтас электр энергетикасы жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

"2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВт сағатты құрады. Қуат көзінің 107,3 млрд кВт сағаты тұтынылды", – деді министр. 

Нұрлан Ноғаев республикалық бюджет есебінен 31,4 млрд теңгені құрайтын 
24 жоба жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. 

"6 жоба аяқталды. Оған 3,6 млрд теңге жұмсалды", – деді Нұрлан Ноғаев.
Министрдің айтуынша, биыл 109 млрд кВт сағ электр энергиясын өндіру жоспарланған.

"Электр энергетикасы туралы" заңға сәйкес маневрлік қуат салуды ынталандыру және гидроэнергетиканы дамыту жоспарын іске асыру жұмысы жалғасады. Жыл соңында инвестициялық жобаларды іріктеудің аукциондық сауда-саттығын өткізу жоспарланып отыр", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу