Былтыр 149 150 жеңіл автокөлік кедендік рәсімдеуден өтті

380

Аталған көліктердің жалпы құны 2,9 миллиард АҚШ долларын құрап 385,9 миллиард теңге сомада кедендік төлемдер мен салықтар төленген.  

Былтыр 149 150 жеңіл автокөлік кедендік рәсімдеуден өтті Фото: gov.kz

Сырттан келген автомобильдер негізгі 5 елден әкелінді: Қытайдан – 45 984 дана, Грузиядан – 39 395 дана, БАӘ – 20 320 дана, Оңтүстік Кореядан – 14 870 дана, Жапониядан – 11 438 дана, деп жазады inbusiness.kz.

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  • өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;
  • импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;
  • сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

 Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет екенін атап өтеміз. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу