Былтыр 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

172

Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігіне осындай дерек ұсынған.  

Былтыр 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған Фото: pasporta.org

2025 жылы ел аумағына кірген 15 млн 956 мың 571 шетелдіктің 63 480-і қайта шықпай қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы Қазақстан Республикасына 15 956 571 шетел азаматы кіріп, 15 893 091-і шыққан (2024 жылы 15 454 808 шетел азаматы кіріп, 15 414 762 шыққан", – деп жазылған жауапта.

ІІМ дерегіне сүйенсек, 2025 жылы 113 мың 961 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18 мың 872 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылған. Ал 2024 жылы 97 мың 229 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзып, 14 мың 124-і ел аумағынан шығарылған болатын.

Министрліктегілер былтыр Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған Ресей азаматтарының саны 8148 адам болғанын атап өтті (2024 жылы – 9761).

"2025 жылы бұрын Ресей Федерациясының азаматы болған 1757 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды (2024 жылы – 2148)", – делінген ресми сауалға арналған жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу