Былтыр 199 бала жетімдер үйіне қайтарылған

2389

Сарапшылардың айтуынша, оған себеп – ата-ана мен бүлдіршін арасындағы жылы қарым-қатынастың орнамауы.

Былтыр 199 бала жетімдер үйіне қайтарылған

Елімізде бала асырап алған ата-аналар бүлдіршіндерді қайта жетімдер үйіне тапсыру дерегі жиіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, былтыр 199 бала жетімдер үйіне қайтарылған. Сарапшылардың айтуынша, оған себеп – ата-ана мен бүлдіршін арасындағы жылы қарым-қатынастың орнамауы.

"Басты себеп – психологиялық қарым-қатынастардың жоқтығы және қабылдаушы ата-ана баланы отбасыға қабылдауға дайындығы жоқ. Асырап алған ата-аналар балаға алимент төлейді", – дейді ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Күлсариева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу