2017-2018 жылдары 200-ден астам қазақстандық турфирмалардың алаяқтық іс-әрекетінен зардап шекті, олар 153 млн теңгеден астам сомаға зиян шекті, деп хабарлайды "Туристік Қамқор" қорының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 2017 жылы турфирмалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам турфирмалардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шекті, олар 16 млн теңгеден астам сомаға алданған.
Ал 2018 жылы 7 турфирма 200-ге жуық туристі алдаған, жәбірленушілер алаяқтық іс-әрекет салдарынан жалпы сомасы 137 млн теңгесін жоғалтқан.
Барлығы 2010 жылдан бері жыл сайын 12 мыңнан астам адам саяхаттаймын деп турфирмалар тарапынан зардап шеккен, ал шығын сомасы он миллион доллардан асып түсіпті.