Былтыр 22 мың тонна ет экспортталды

171

Өткен жылы Қазақстаннан барлық түрдегі сиыр етінің экспорты 22 014,9 тоннаны құрады.  

Былтыр 22 мың тонна ет экспортталды Фото: eldala.kz

Елімізде осы ет түрінің 400 мың тоннаға жуық жеке өндірісі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Яғни, экспорт үлесі өндіріс көлемінің шамамен 5,5%-ы. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған сарапшы Төлеутай Рахымбеков мәлім етті.

Сарапшы сыртқы сауда статистикасын талдап, негізінен Қазақстан сиыр етінің екі түрін  "жас және салқындатылған" және "мұздатылған" экспорттағанын атап өтті.

2024 жылы "жас және салқындатылған" ІҚМ ет экспортының көлемі 90 млн 428,2 мың доллар сомаға 21 507,3 тоннаны құрады, яғни экспорттың орташа бағасы килограмына 4,2 доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 2200 теңге/кг) құрады. Оның ішінде Өзбекстан Қазақстаннан сиыр етінің осы түрінің 20 660 тоннасын немесе 96,1%-ын сатып алды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 496 тонна алған Тәжікстан екінші ірі сатып алушы болды.

Сондай-ақ Иран 298,4 тонна көлеміндегі қазақстандық сиыр етін килосына 5,6 доллардан 1 млн 671,9 мың долларға, БАӘ - килосын 10,9 доллардан 32,8 тоннаны 357,5 мың долларға және Грузия килосын 4,61 доллардан 92,2 мың долларға 20 тоннаны сатып алды.

Сол топтағы "жас немесе салқындатылған сиыр еті" бойынша импорт көлемі 271,6 мың доллар сомасына 9 тоннаны құрады, орташа баға килосы 30,2 доллар. Жалғыз жеткізуші АҚШ болды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстан  орташа бағамен килосын 4,9 долларға 2 млн 492,7 мың долларға жалпы сомасы 507,6 тонна мұздатылған ірі қара мал етін экспорттады. Экспорт Қырғызстанға (193,2 тонна), Өзбекстанға (134,2 тонна), Тәжікстанға (113 тонна), Қытайға (60,8 тонна), БАӘ (6,4 тонна) болды.

2024 жылы мұздатылған сиыр етінің импорты 4,2 доллар орташа бағамен 29 млн 932 мың долларға 7 141,6 тоннаны құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу