Былтыр 3,5 мыңдай ер адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алды

859

Былтыр республика бойынша 385 мың азаматқа 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалған. Оның 3,5 мыңға жуығы ер адам. Бұл туралы "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Былтыр 3,5 мыңдай ер адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алды

"Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға және бала күтімімен айналысатын ата-анаға тағайындалады. Ол мүмкін әкесі немесе анасы болар. Бұл ата-ананың өздерінің құқығы. Мұндай құқық шектелмеген. Бала күтімімен айналысатын нақты ата-анаға тағайындалады. Егер бала отбасында туылса, бұл балаға күтімді әкесі жасайтын болса және ол жұмыс істесе, онда бұл төлемге келуіне толық мүмкіндігі бар", - деді  Нұрсұлу Марзагелдіқызы.

Айта кетейік, бұл әлеуметтік төлемді ата-ананың біреуі ғана ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу