Былтыр елімізде 65 театр жұмыс істеген. Оның 52-сі – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшікте, деп хабарлайды Ranking.kz.
Ал 2018 жылы жалпы 68 театр болған екен.
Өткен жылы 16,6 мың спектакль қойылған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 0,2%-ға кем.
Қазақстанда көбінесе драма театры (35 театр), қуыршақтар театры (12) мен жас көрермендер театры (5) өнер сүйер қауым арасында кең танымалдылыққа ие екен. 2019 жылы 343 тырнақалды қойылым көрермен назарына ұсынылған. Театрлық қойылымдарды көруге 2,9 миллион адам келіпті. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 3,9%-ға көп. Оның 1,3 миллионы немесе 43,4% – балалар.
Ал тұрғындары театрға көп баратын қалалар мыналар: Алматы (603,7 мың көрермен), Нұр-Сұлтан (410,6 мың) және Шымкент (304 мың).