Былтыр 32 326 алтын құйма сатылды

1209

2021 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 1,1 тонна болған 32 326 алтын құйма сатты, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр 32 326 алтын құйма сатылды

2021 жылдың желтоқсан айында жалпы салмағы 107,4 кг 3 274 алтын құйма сатылған.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,7 тоннаға жуық 74 905 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. 2021 жылы сатып алушылар арасында 10 грамдық алтынға көп сұраныс болды. 

Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 29%, яғни, 9 521 дана. Одан кейін 100 грамдық  құйма сұранысқа ие, 6 636 дана (21%) сатылған, 5 грамдық құймадан 6 136 дана (19%), 50 грамдық құймадан 5 265 дана (16%), 20 грамдық құймадан 4 768 дана (15%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу