Былтыр 454 мың баланың құқықтық мәселесі шешілді

882

Бұған Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті септігін тигізген.  

Былтыр 454 мың баланың құқықтық мәселесі шешілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комитет төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Былтыр білім және ғылым министрлігінің назарына 454 мың баланың құқықтық мәселесіне қатысты сауалдар түсіп, соның барлығын шешуге ықпал етті", – деді спикер.

Сонымен қатар былтыр 640 мың бала мектептерде тегін тамақпен қамтылған.

"Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарында 1-4 сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қарағанды облысында 1-2 сынып оқушылары, Маңғыстау және Ақмола облыстарында 1-сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтылды. Комитет тарапынан ұйымдастырылған ең ауқымды шаруа осы деуге болады", – Есенғазы Иманғалиев.

Бұл ретте Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өңірлерде атқарушы билік өкілдері бүлдіршіндер құқығы тиісті назар аудармайтынын, жедел әрекет етпейтінін атап өтті. Айтуынша, мұндай олқылықты шешуге ата-аналар да ат салысуы керек.

"Біз әрқашан трагедиялар болғанда ғана дабыл қағамыз. Кейде мерекелерге қажетсіз шаралар ұйымдастыруға 500 млн теңге тапсақ та, жол қиылысына бағдаршам қоюға ақша таппаймыз. Бала қауіпсіздігі сол қалалардың әкімдері, басшылығы мен ата-аналардың жауапкершілігі. Сондықтан ата-аналар да белсенділік танытып, олқылықтардың алдын алуға тырысса деймін. Өңірлерде осындай бала құқығына қатысты сауалдарыңыз болса bala-ombudsman.kz сайтына хат жолдасаңыздар болады", – деді Аружан Саин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу