Былтыр 8 мыңға жуық адам оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

657

Олардың барлығына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. 

Былтыр 8 мыңға жуық адам оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды Фото: gov.kz

Өткен жылы 7923 адам оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды. Оның ішінде 1320 қандас және 6603 қоныс аударушы бар, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, қоныс аударғандардың ішінде 3 652 адам еңбекке жарамды, олардың 2 811-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

"Біржолғы субсидиялар 7622 қатысушыға төленді, ал 5633 азаматқа тұрғын үй шығыстары субсидияланады. Бұдан басқа өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір жұмыскер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі", - делінген хабарламада.

2023 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8652 адам деп белгіленген. Оның ішінде 1,9 мыңы қандастар үшін, ал 6,7 мыңы – қоныс аударушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу