Былтыр 9,6 мың тонна өнім шекарадан кері қайтарылған

794

Заңды өрескел бұзған азаматтарға 657 әкімшілік жаза, яғни 38,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

Былтыр 9,6 мың тонна өнім шекарадан кері қайтарылған

Былтыр ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді алып кіруге қатысты 2 478 заңбұзушылық анықталған.

Оның ішінде Өзбекстаннан "қол жүгі" арқылы тыйым салынған өсімдік өнімдерін алып кірудің 1 321 рет фактісі тіркелген.

Шекарада Өзбекстаннан келген өнімдерді өткізуге қатысты – 1478, Ресейден – 734, Қырғызстаннан – 151, ҚХР-дан – 52 және басқа елдерден жеткен өнімдерді жеткізуге қатысты 63 заң бұзушылық анықталды.

Заңды өрескел бұзған азаматтарға 657 әкімшілік жаза, яғни 38,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

9,6 мың тонна, 2,8 мың текше метр және 110 мың дана отырғызу материалдары бар карантинге жатқызылған 2 101 өнім партиясы кері қайтарылған.

"ҚР АШМ тарапынан экспорттаушы елдерге сәйкессіздік туралы 488 нотификация жіберілді. Оның 324-і Ресей Федерациясына, 92-і Қырғыз Республикасына, 56-ы Өзбекстан Республикасына, 10-ы ҚХР және 6 нотификация басқа елдерге бағытталды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу