Былтыр әкімдіктер 220 миллиард теңгені игермеген

565

Бұл – жергілікті атқарушы органдарға өңірді дамытып, бағдарламаларды іске асыруға бюджеттен бөлінетін қаржы.  

Былтыр әкімдіктер 220 миллиард теңгені игермеген Фото: egemen.kz

Жалпы былтыр қаңтар-қараша айларында әкімдіктерге 2,9 трлн теңге нысаналы трансферттер бөлінген, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ, бұл соманың тек 92,5% пайдаланылған. Ал қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған 220 миллиард теңге сол күйі игерілмеген. Оның ішінде 15 миллиард бюджет қаржысы үнемделді. Ал 204 милиард іске аспаған.

finprom.kz нысаналы трансферттерді игеру бойынша өңірлер рейтингін жасады. Сонымен, қалалық және облыстық әкімдік рейтингінде Қызылорда және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлерге бөлінген қаржының 99%-ы игерілген. Үштікке Шымкент қаласы да кірді: мұндағы нысаналы трансферттердің 98,6% игерілді.

Ал Елорда бұл рейтингтің соңында қалды. Астана әкімдігі трансферттердің тек 68% игерген. Батыс Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысының да көрсеткіштері төмен. Онда нысаналы трансферттердің 83-84% іске асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу