Былтыр Ақмола облысында 21 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

793

Былтыр Ақмола облысында 21 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2016 жылы Ақмола облысының 21 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2016 жылы Ақмола облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (15,5 мың адам) және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (5,9 мың адам) қатарындағы 21,4 мың адам  қамтылды, бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 52,9 %-ын құрайды.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 488 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 637 адам;

- жастар практикасына 682 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 318 адам ;

- кәсітік оқытуға 313 адам жіберілді, оның ішінде 115 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді;

- 13 мың 529 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 439 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін микрокредиттер алды.

2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мың адам  қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу