Ақмола өңірінде туберкулезбен ауыру 12,6%-ға, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім – 24,1% -ға төмендеген, деп хабарлайды primeminister.kz.
2018 жылы Ақмола облысында 12 мыңнан астам сәби дүниеге келіпті, бала туу 1000 адамға шаққанда 16,6-ға тең болды. Нәресте өлім-жітімі 15,4%-ға төмендеді. Облыста психикалық бұзылулармен ауыру көрсеткіші 12,2%-ға, есірткі пайдалану 22%-ға төмендеді. Сондай-ақ, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 10,5%-ға азайған.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сүйенсек, медицина ұйымдарында жалпы практика дәрігерлеріне (ЖПД) және бөлінетін учаскелерге жүктемені азайту үшін қосымша 22 ЖПД учаскесі құрылып, белгіленген халық саны 1 учаскеге 1640 адамды құраған. Сонымен қатар, жергілікті терапевтер мен педиатрларға да жүктеме азайды.
Өткен жылы өңірде денсаулық сақтаудың күрделі шығыстарына 1,9 млрд теңге бөлінді, соның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 1,3 млрд теңге, 280 медициналық техника сатып алынды. 13 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.
"Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" бағыты бойынша 2018 жылы амбулаториялық деңгейде жалпы сомасы 3 059 млн теңгеге дәрі-дәрмек таратылды, 676 727 рецеп шығарылған және берілген.