Былтыр Ақтөбе облысында өрттен 66 адам көз жұмған

571

19 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Былтыр Ақтөбе облысында өрттен 66 адам көз жұмған

Былтыр Ақтөбе облысында 803 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы Ақтөбе қаласы ТЖ басқармасының бастығы Айбат Жаңабергенов өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша жүргізілген рейд барысында  мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, былтыр облыс аумағында материалдық шығыны 79 миллион теңгені құраған 803 өрт тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 66 адам қайтыс болса, 19 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

"Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу салдарынан 15 адам улы газдан уланды. Мұның негізгі себептері пеш конструкциясындағы пештің қызып кетуі және жарылуы, бітеліп қалған түтін мұржасы, сондай-ақ, ақауы бар пеш жабдығын пайдалану болып отыр. Өртке қатысты жеке тұрғын үйлерде 9 оқиға, саяжайда орналасқан үйлерде 6 оқиға орын алды. Өрттің басым бөлігі бұрынғыдай тұрғын үй секторы мен көлік құралдарына тиесілі. Жыл басынан бері 33 өрт тіркелді", –  деді Айбат Жаңабергенов.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 65663 үйдің 194132  тұрғыны қамтылды. Әлеуметтік тәуекел тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша 14145 адамды қамтылып, 3396 рейд ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ТЖД хабарлағандай, 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында облыс аумағында аз қамтылған тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Жақсылық жақсы" акциясын өткізуге бастама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу