Былтыр әлемдегі миллиардерлердің дәулеті одан сайын артты

79

Бұл туралы шетелдік ұйымның есебінен белгілі болды. 

Былтыр әлемдегі миллиардерлердің дәулеті одан сайын артты Фото: Forbes.com

2025 жылы әлемдегі миллиардерлердің байлығы 2,5 триллион долларға артып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Oxfam қайырымдылық ұйымдар қауымдастығының жыл сайынғы есебінде көрсетілген. Құжат Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумның ашылуына орай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұйымның есептеуінше, миллиардерлердің жалпы байлығы 2020 жылдың наурызынан бері 81%-ға өсіп, тарихи максимум – 18,3 триллион долларға жеткен. Oxfam мәліметінше, әлемдегі ең бай адам Илон Маск төрт секунд ішінде әлемдегі орташа жылдық табысқа тең соманы табады.

Баяндамада көрсетілгендей, дүние жүзі халқының жартысына жуығы кедейлік жағдайында өмір сүреді. Оларға әлемдік байлықтың тек 0,52%-ына ғана тиесілі, ең бай 1% халықтың үлесі 43,8%-ға тең.

"Біз миллиардерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз және бұл әлем үшін жағымсыз жаңалық", – деді Oxfam ұйымының Германия бөлімшесінің төрайымы Шарлотте Бекер. 

Oxfam-ның жыл сайынғы есебіне сәйкес, Германия миллиардерлер саны бойынша әлемде төртінші орында тұр. 2025 жылы бақуатты адамдардың саны үштен бірге көбейіп, Германияда 172 миллиардер тіркелді. Ұйымның хабарлауынша, орташа алғанда бір неміс миллиардері 1,5 сағат ішінде елдегі орташа жылдық табысқа тең соманы табады. Бұл еуропалық елде әр бесінші адам кедейлікте өмір сүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу