Былтыр Алматы әкімдігі 450 жаңа автобус сатып алды

Оның 92-сі Алатау ауданына берілді.  

Былтыр Алматы әкімдігі 450 жаңа автобус сатып алды Фото: Informburo.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

"Біздің алдыңғы есептік кездесулерімізде сіздердің  өтініштеріңіздің көп бөлігі автобус паркінің жоғары тозу деңгейі, маршруттық желілердің жетіспеуі және қозғалыс интервалдарының бұзылуы сияқты қоғамдық көлік жұмысының сапасына қатысты болды. Өткен жылдың көктемінде Алматы қаласының әкімдігі 450 жаңа автобус сатып алды, оның ішінде 92-сі Алатау ауданына берілді", – деді әкім.

Жаңа автобустардың арқасында 12 маршруттық желінің мәселесі шешілді.

"Осылайша, сіздердің өтініш-тілектеріңізді ескере отырып, 4 жаңа маршрут ашылды, қозғалыс интервалын сақтап қалу үшін автобустар санын көбейтіп, 2 маршрут ұзартылды.

4 маршрут желісіндегі 52 автобус жаңартылды. Осылайша, ауданның автобус паркі 100% жаңартылды. 
2 маршрутта жүру интервалы қалпына келтірілді. 2023 жылы біз ең көп сұранысқа ие 3 маршруттағы (№69, №125 және №24) автобустарды жаңартуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес қала маңы аймағының тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін осы жылдың ІІІ-ші тоқсанында Көліащы кентінен Салем базарына дейін №213 маршрутты іске қосу жоспарланған. Ол Алатау ауданының бір бөлігін қамтиды", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу