Былтыр Алматы ауруханаларының техникалық базасын нығайтуға 43,1 млрд теңге бөлінді

747

Шаһарда медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша үш жылдық бағдарлама қабылданған. Модернизациялау жобасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. 2020 жылы Алматының медициналық ұйымдарына бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.

Былтыр Алматы ауруханаларының техникалық базасын нығайтуға 43,1 млрд теңге бөлінді

Аталған қаржыға 285 өкпені жасанды желдету аппараты, 250 жоғары ағынды O2FLO оттегі терапиясының аппараты, 1050 оттегі концентраты сатып алынды.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 рентген аппараты, 52 УЗИ аппараты берілді.

Сондай-ақ, "Орталық қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК, И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" ШЖҚ МКК, Модульді орталыққа, "Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" ШЖҚ МКК, "Жедел медициналық көмек көрсетудің қалалық ауруханасы" ШЖҚ МКК,"Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК-ге 6 оттегі станциясы орнатылды.

Модернизациялау аясында №4 Қалалық клиникалық ауруханаға орнатылған жаңа мультиспиральді МСКТ — Hitachi Supria, 128 тілімді компьютерлік томография іске қосылды. Оның артықшылығы, жүрек пен коронарлық артериялардың атеросклеротикалық өткізгіштігін анықтайды әрі тез сканер жасайды, өйткені тиісті сараптама жасау үшін жедел сканерлеу қажет. 16 тілімді аппаратта бір анатомиялық денені сканерлеу 12-ден 35 секундқа дейін созылатын болса, 128 тілімді аппаратта сканерлеу 8 есе жылдам жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу