"Былтыр Алматы маңында тауда серуендеушілер еселеп көбейді"

1372

Былтыр ұлттық парктерге туристердің ең көп келген жылы болды. Атап айтқанда, туристер саны 2019 жылмен салыстырғанда 300 мыңға көбейіп, 1,5 млн адам болған. Әсіресе, Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне келушілердің еселеп артқанын айту керек: Іле Алатауы (212 мыңнан 430 мыңға дейін), Көлсай (83 мыңнан 160 мыңға дейін) және Шарын. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Былтыр Алматы маңында тауда серуендеушілер еселеп көбейді"

"Бұл ұлттық парктерге өз жобаларын табиғатқа зиян келтірмей жүзеге асыратын инвесторларды тарту ісінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Сондай-ақ орналастыру орындары көрсететін қызмет көлемі де өсуде. Мысалы, былтырғы тоғыз айдың қорытындысы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%-ға өскені байқалады. Орналастыру орындары 182 бірлікке, ал олардың біржолғы сыйымдылығы тоғыз мыңнан астамға көбейді. Яғни біржолғы тәртіпте 200 мыңға жуық адамды қабылдай аламыз", – деді министр.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай мен шекарадағы карантин шектеулерінен сырттан келетін туристер саны айтарлықтай төмендегені белгілі. Дегенмен карантиндік талаптар жеңілдегеннен кейін бірқатар көрсеткіш, оның ішінде ішкі туризмнің жақсарғаны байқалып отыр. 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 5,2 млн адам болды. Бұл 2019 жылғы карантинге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 100 мың адамға артық", – деді Абаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу