Былтыр Алматы мемлекеттік бюджетке 4 трлн теңгеден астам қаржы құйды

406

Президент Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.   

Былтыр Алматы мемлекеттік бюджетке 4 трлн теңгеден астам қаржы құйды

Кеңес барысында Алматы экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланып, Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерліктің даму әлеуетіне оң баға берді. деп жазады Inbusiness.kz.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың өзінде Алматы мемлекеттік бюджетке төрт триллион теңгеден астам қаржы құйды. Қаладағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта бизнестің төлемдеріне тиесілі.

Отырыс барысында Президент мегаполистегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктеді.

Соның ішінді Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке капиталды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын күшейту, жаңа көлік-логистикалық орталықтарына қолдау көрсетудің тың шараларын қарастыру, креативті индустрия, туризм салаларын дамыту Алматы экономикасына тың серпін беретініне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу