Былтыр Алматы полиция департаментіне 636 мыңнан аса қоңырау келіп түскен

833

Департаменттің Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы "102" нөмірі бойынша ақпарат алады, қаладағы жедел жағдайды бақылайды, қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар бойынша бөлімшелердің әрекеттерін үйлестіреді.  

Былтыр Алматы полиция департаментіне 636 мыңнан аса қоңырау келіп түскен

"Жедел басқару орталығының штаттық қызметкерлерінің саны 69 адам. Олар "Алматы қаласының бейнебақылау жүйелері"жобасына жауапты. Жоба аясында қалада 1 мың цифрлық бейнекамера орнатылған, оның 120-сында күзет бейнесараптама қызметі бар. Соған сәйкес басқару орталығында Мониторинг орталығын құрып, кез-келген бейнекамерадан ақпарат алу мүмкіндігін кеңейтіп, сондай-ақ, бейнекамералар түсірген оқиғаларды тіркеу және түзету үшін бағдарламалық жасақтамасын қайта қарау қарастырылмақ", – деді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин. 

Сонымен қатар, "Халық көп шоғырланатын орындарға арналған бейнебақылау жүйесі" жобасын іске асыру барысында Жедел басқару орталығы заманауи бағдарламалық кешендермен  қамтамасыз етілмек, ол өз кезегінде әртүрлі бейнебақылау жүйелерінен хабарламаны автоматты режимде қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді. 

"Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығында "102" call-орталығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы 38 маман не і ауысыммен жұмыс істейді. Тек өткен жылы ғана жедел желіге қала тұрғындары 636 мың 174 рет қоңырау шалды", – деп түйіндеді Андрей Квашнин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу