Былтыр Алматыда 1600 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

513

Оның ішінде 900-ден астам адам індетті жұмысында жұқтырған.

Былтыр Алматыда 1600 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинте Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Былтырғы жылдың қортындысы бойынша 1600-ден астам медицина маманы тіркелді. Оның ішінде 1400-ден астам науқастан – коронавирус инфекциясы, 200-ден астам науқастан этиологиясы белгісіз пневмония анықталды. 900-ден астам адам індетті кәсіби қызметі барысында жұқтырған", – деді Әсел Қалықова. 

Сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі шаһардағы зертханаларға тоқталды. Оның айтуынша, Алматыда тәулігіне 15670 сараптама жасайтын 26 ПТР зертхана жұмыс істейді. 

"Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 26 900 сараптамаға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Бұған қоса тәулігіне 3 240 сараптама өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді. Қазіргі кезде барлығы қала тұрғындарына қызмет көрсетуде", – деді Әсел Қалықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу