Былтыр Алматыдағы полиция кеңселеріне үш мыңнан астам азамат жүгінді

1050

2018 жылы Алматы полициясының әкімшілік ғимараттарының кіреберістеріне фронт-кеңселер салу туралы шешім қабылданған еді. Жылдан жыл бұл орталықтарға келушілер саны артты. Мәселен, өткен жылы мұнда үш мыңнан астам адам келіп, кеңес алған.  

Былтыр Алматыдағы полиция кеңселеріне  үш мыңнан астам азамат жүгінді

"Аталған орталықтарға келушілерге қылмыстық және әкімшілік полиция қызметкерлерімен ашық кабиналар ұйымдастырылған, мұнда азаматтар сұрақтарына нақты жауап алып, өтініш беріп немесе түсініктеме алады. Фронт-кеңселерде күту залы, кеңес беру аймағы және бақылау-өткізу пункті, дәретханалар бар. Егер келуші кезекшінің жұмысына шағымданғысы келсе, қауіпсіздік басқармасына жүгіне алады. Азаматтар енді көшеде ұзақ күтпейді, оларға қысқа мерзімде және қолайлы жағдайда көмек көрсетіледі", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу