Былтыр алматылық келіншектер 3 687 рет тегін ЭКО жасатты

935

2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5,7 есе өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Былтыр алматылық келіншектер 3 687 рет тегін ЭКО жасатты

"2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталды. Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында алматылықтарға ЭКО сияқты қымбат қызметтер қолжетімді. Егер 2020 жылы 563 млн теңгеге 643 ЭКО манипуляциясы жүргізілсе, 2021 жылы 3 687 қызметке 3,5 млрд теңге бағытталды. Өсім 5,7 есе", – деп атап өтті спикер.

Қор филиалының басшысы Алматы бойынша медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт аясында 8 медициналық ұйым экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүзеге асырғанын жеткізді. 

Сондай-ақ 2020 жылы жоғары технологияларды қолдана отырып, 184 кардиохирургиялық операция жасалған, ал өткен жылы 5,7 млрд теңге сомасына 1 329 қызмет көрсетілген.

"Бұдан басқа, өткен жылы кепілдендірілген медициналық көмек бойынша қаржыландыру айтарлықтай артты. МӘМС қорынан шамамен 182,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде, жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметтеріне 9,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", – деді спикер.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке – 36,8 млрд теңге, стационарлық көмекке – 14,1 млрд теңге, онкологиялық науқастарға медициналық көмекке – 16,5 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке – 2,4 млрд теңге, амбулаториялық гемодиализге – 5,8 млрд теңге бөлінді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу