Былтыр алматылық тұтынушыларға 164 млн теңге қайтарылған

459

Алматыда өткен жылы тұтынушылар құқығын қорғау саласында барлығы 4 139 өтініш түскен.  

Былтыр алматылық тұтынушыларға 164 млн теңге қайтарылған Фото: gov.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимырзаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетейік, ертең 15 наурыз - Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні.

Спикердің сөзінше, өткен жылы департаментке eOtinish қосымшасын пайдалана отырып, 1852 өтініш түскен, оның 2287-і электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесі бойынша, 435-і басқа мемлекеттік органдар мен Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінен қайта бағытталған.

Былтыр барлығы 33 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 14-і бойынша тексеру жүргізілген. Ескерту түрінде 27 айыппұл және 6-уы бойынша 50 АЕК және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Бірінші кезеңде сатушы сатып алушының талабын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарын тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды осы жерде және қазір бейбіт жолмен шешуге болатын - ең бірінші кезең. Үкіметтік емес ұйымдар бұл жағдайда дауды сотқа дейін реттеу субъектілері ретінде әрекет етеді. Екінші қадам - мемлекеттің қатысуын қамтиды. Яғни, егер сатушы келіссөз жүргізгісі келмесе, шағым не Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, не басқа мамандандырылған органға жіберіледі. Мысалы, егер сатушы таразыны бұрап жіберсе немесе интернет-дүкен тауарды жібермесе, бұл көбірек алаяқтыққа келеді және ол Ішкі істер министрлігінің жұмыс саласы болып табылады", - деді спикер.

Осыдан екі жыл бұрын тұтынушылар құқығын қорғау саласын жақсарту мақсатында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл маңызды қадам тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы механизмін (сатушы – мемлекеттік органдар – сот) іске қосуға, "мемлекеттік" және "қоғамдық" бақылауды енгізуге, кәсіби мамандар арасынан құқық қорғаушылардың тізімін қалыптастыруға көмектесті. Сонымен бірге, дау-дамайды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу механизмі қаралды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі шағымдарды қараудың үш сатылыдан екі сатылы механизмге дейінгі жаңа әдісін әзірлеп жатыр. Оның нәтижесінде тұтынушы сатушыға сотқа дейінгі талап арызын жібергеннен кейін екінші кезеңде сот органдарына талап арыз бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу