Былтыр аса қауіпті 19 ұйымдасқан топтың жолы кесілді

135

Олардың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Былтыр аса қауіпті 19 ұйымдасқан топтың жолы кесілді Фото: ҰҚК

2024 жылы елімізде аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтардан қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлеріне қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырады. 2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ҰҚК.

Жалпы 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталып, оның ішінде шетелдік қылмыскерлердің жетекшілерінің көмекшілері де бар. 

Комитеттің мәліметінше, олардың 40-ы сотталып, қалғандарымен сотқа дейінгі тергеулер әлі жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу