2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 207 663 адам тегін рецепт бойынша 17, 02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.
Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі және аденоид ауруларымен 645 бала және өзгеде. Қор сарапшылары медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді", – деп хабарлады Қордан.
Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Коронавирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтар – 31 желтоқсаны аралығында 79,4 млн теңгеге препараттар берілді. Атап айтқанда 32 147 рецепт бойынша 22 856 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттар, антикоагулянттармен қамтылды.
"Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар", – деп хабарлады Қордан.