"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, атыраулық жүргізушілер арасында VIP нөмірлерге сұраныс артып отыр.
"Атырау облысының жүргізушілері 2021 жылы 249 млн 335 мың 283 теңгенің 961 VIP-нөмірін сатып алған еді. Ал, былтыр атыраулықтар 241 млн 307 мың 788 теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды. Ең қымбат нөмірдің біреуі 983 мың 250 теңгеге бағаланды. Жүргізушілердің сұранысына байланысты әрқайсысы 786 мың 600, 472 мың 650 және 196 мың 650 теңгеге бағаланған VIP-нөмірлер саудаға шығарылды. Өткен жылы саны мен әріп үйлесімі бірдей 856 мемлекеттік тіркеу белгісі бар нөмір рәсімделді", – деп хабарлады өңірлік филиалдың баспасөз қызметі.