Былтыр әуе компаниялары 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

785

Бүгінгі таңда 12 елмен әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Былтыр әуе компаниялары 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

2020 жылы әуе компаниялары 5,5 млн адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев Министрліктің алқа отырысында атап өткендей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу