Былтыр ауыл шаруашылығы өнімділігі 7,7%-ға қысқарды

311

Оның ішінде өсімдік шаруашышылығының өндірісі 14,6%-ға азайды. 

Былтыр ауыл шаруашылығы өнімділігі 7,7%-ға қысқарды Фото: inbusiness.kz

Сенат депутаты Әли Бектаевтың айтуынша мұндай теріс нәтижеге қолайсыз ауа-райы әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылы елімізде ауа-райы шаруалар үшін қолайсыз болды, сәйкесінше бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасына, шаруалар қаржылық жағдайына кері әсер етті. Нәтижесінде 2023 жылғы қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 7,7%-ға төмендеп, оның ішінде өсімдік шаруашышылығының өндірісі 14,6%-ға азайды", — деді сенатор. 

Десе де өткен жылы экспортталған ауыл шаруашылығы құны $5 млрд асты. Аграөнеркәсіптің кешен өнімі экспорттың жылпы көлеміндегі өнделген өнімнің үлесі 42,6% болды. Осы жылы бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу көзделіп отыр. 

"Осылайша жыл сайын өнделген өнім үлесін арттырып, Президенттің көрсеткішті 70%-ға жеткізу тапсырмасын орындауымыз қажет. Өндірілген өнімді қайта өңдеп, оларды экспортқа шығаруды ұлғайту арқылы импортталатын тауарларды өз өнімдерімізбен алмастырмай бәсекеге қабілетті экономика құра алмаймыз", — деді Әли Бектаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу