Былтыр ауыл шаруашылығы саласында өсім болды ма?

3663

Соңғы 5 жылда шаруаларды қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінгенімен, нәтиже жоқ.  

Былтыр ауыл шаруашылығы саласында өсім болды ма?

2021 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 773,2 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 34,9%-ға және нақты мәнде 33,3%-ға арты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салаға салынған күрделі салымдардың жартысына жуығы үш облысқа тиесілі: Солтүстік Қазақстан (160,8 млрд теңге), Павлодар (103,3 млрд теңге) және Ақмола (101,4 млрд теңге) облыстары.

Агроөнеркәсіп кешен саласын қаржыландыру негізінен кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады: 2021 жылы осы сегменттегі күрделі салымдардың көлемі 543 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 40,2%-ға артық. Келесі орында банктік емес қарыздар: 192,8 млрд теңге, бір жыл ішінде 31,4%-ға өсті. Банк несиелері 37,4 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,2%-ға аз. Жергілікті бюджеттер – 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4 есе аз, небәрі 6,8 млн.

Бір қызығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ауыл шаруашылығы саласын атап өтті. Мәселен, соңғы 5 жылда шаруаларды қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінгенімен, саладағы жалпы сыбайлас жемқорлықтың кесірінен мемлекетке орасан зиян және азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келді. Агроөнеркәсіптік кешен жылдан жылға сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша "көшбасшылар" қатарына еніп келеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу