Былтыр ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 15,8 пайызға өскен

2030

Көрсеткіш 2018 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 672 млрд теңгеге жоғары.

Былтыр ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 15,8 пайызға өскен

2019 жылғы қаңтар-қарашада еліміздегі ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 4 трлн 909 млрд 820 млн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрлік аталмыш көрсеткіштің 2018 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 672 млрд теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары екендігін айтып отыр. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында 2 трлн 867,6 млрд теңгеге (өсім 19,1%), ауыл шаруашылығында 2, 03 трлн теңгеге (өсім 10,4%) өнім өндірілген.

"Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 млрд теңге), Алматы (472 млрд теңге), Ақмола (348 млрд теңге) және Түркістан (346 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр. Аталмыш өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі  өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды",– делінген АШМ мәліметінде.

Ал мал шаруашылығында былтырғыдай Алматы облысы (323 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (281 млрд теңге) және Түркістан (243 млрд теңге) облысы алдыңғы қатарда екен. Мал мен құс өндірісінде аталмыш облыстар тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу