2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде 415,7 мың тонна ас тұзы өндірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға көп болып отыр. Импортталған тұз көлемі де артқан, 2025 жылы елімізге 36,2 мың тонна тұз әкелінсе, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық.
– Экспортқа келетін болсақ, есепті кезеңде Қазақстан 251 мың тонна тұз экспорттаған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз.
Қазақстандық тұзды импорттайтын негізгі елдерге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, сондай-ақ Қытай, Грузия, Латвия және Германия елдері кіреді. 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, ішкі нарықта 200,8 мың тонна ас тұзы сатылды, – делінген ресми статистикада.
Республика бойынша 1 келі тұздың орташа бағасы – 90 теңге. Ең төменгі орташа баға Қызылордада (65 теңге/келі) тіркелді. Ал ең жоғары баға Алматы қаласында, мұнда 1 келі өнімнің 2026 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша орташа бағасы – 112 теңге.