Былтыр "Бәйтерек" монументіне жарты миллионнан астам адам келген

1929

Келушілер санының рекордтық көрсеткіші Астана қаласында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде тіркелген болатын.

Былтыр "Бәйтерек" монументіне жарты миллионнан астам адам келген

Монументке келушілер саны әсіресе, жаз мезгілінде көп болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Астана-Бәйтерек" монументі – елорданың басты нышандарының бірі. Қалаға келуші қонақтар қаланың сол жағалауын Бәйтерек биігінен көруді дәстүрге айналдырған.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, 2018 жылы "Астана-Бәйтеректі" көруге 584 465 адам келген.

"Қонақтардың ең көп бөлігі жаз мезгілінде келді. Мәселен, шілде айында нысан қонақтарының саны 106 902 адамды құраған болатын. Ал тамызда 97 мың, маусымда 78 мыңнан астам адам келген. 2 мыңнан астам адам 150 ресми делегация құрамымен келіп кеткен",– деп мәлімдеді басқармада.

Келушілер санының рекордтық көрсеткіші Астана қаласында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде тіркелген болатын.Сол кезде жарты жыл ішінде, яғни 2017 жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында монументті тамашалауға 500 мыңнан астам адам келген.  

Монумент 2002 жылы ашылған. Шарды қоса санағанда, оның биіктігі 105 метр құрайды. Шар диаметрі – 22 метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу