Былтыр банктер телекоммуникация саласына рекордтық сома бөлді

982

"Сапасыз" несиелер саны қысқарып келеді.  

Былтыр банктер телекоммуникация саласына рекордтық сома бөлді

2019 жылы банктер телекоммуникация саласына рекордтық сома несие берген, деп хабаралды Ranking.kz.

Мәселен өткен жылдың желтоқсан айында аталған салаға 4,6 млрд теңге қарыз берілген. Бұл қараша айымен салыстырғанда 22,1%-ға, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға төмен.

Ал мамыр айында 94,2 млрд теңге несие қарастырылған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Себебі 2018 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 19,6 млрд теңгені құраған.

Желтоқсан айында берілген несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесі  12,9% болды. Жалпы 2019 жылы ақпарат және байланыс саласына қарастырылған қарыз сомасы 131,8 млрд теңге, яғни, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге жоғары. Осы орайда "сапасыз" несиелер көлемі 0,5%-ға төмендеп, 588 млн теңгеге тұрақтады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу