Былтыр бірыңғай ақпараттық медициналық call-орталыққа 24 мың шағым келіп түсті

506

Олардың басым бөлігі Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындарынан келді.  

Былтыр бірыңғай ақпараттық медициналық call-орталыққа 24 мың шағым келіп түсті Фото: BaigeNews.kz

2022 жылы Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталыққа 759164 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы шағым қалдырған, деп жазады inbusiness.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, өтініштердің 85%-ында Call-орталыққа қоңырау шалынған. Ал, өтінімдердің 14%-ға жуығы "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасына келіп түсті.

"Өтінімдердің 93%-ында кеңес берілсе, 50 мыңнан астам өтінімді егжей-тегжейлі қарау мен жауап беру үшін 2-ші және 3-ші қолдау желісіне жіберілді. Астана, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры операторларының кеңесін белсенді пайдаланады", - делінген Қор таратқан мәліметте.

Қалаларда медициналық қызметтерді тұтынушылар басым әрі халық тарапынан жиі сұрақтар қойылады.

"Былтыр пациенттерден 24 мың шағым келіп түсті. 2021 жылмен салыстырғанда олардың саны 35%-ға артық. Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады (32,6%). Одан кейінгі орындарда медициналық көмек көрсетуден бас тарту (19%), медициналық көмекті ұзақ күту (5,8%), дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту (4,8%), этика мен деонтологияны бұзу (4%), медициналық ұйымның ақпараттық жүйелерінде көрсетілмеген қызметтің орындалуы туралы жалған ақпарат (3,2%) бойынша шағымдар бар", - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу