Былтыр бірыңғай сәулеттік стильдегі 160 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген

1670

Бұдан өзге, 179 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 20 үйдің жобалық-қаржылық құжаттары дайындалды. 

Былтыр бірыңғай сәулеттік стильдегі 160 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген

Жеке тұрғын үй құрылысына қызығушылық артып келеді. Мәселен, 2017 жылы 184 үй пайдалануға берілсе, былтыр 160 үй берілген, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұл бағытқа жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. 

 2017 жылы облыс орталықтарында жеке тұрғын үй құрылысын жалғыз сәулеттік стильде салу үшін пилоттық жоба іске қосылған болатын. Ол бір құрылыс салушы арқылы жергілікті құрылыс материалдары мен үй құрылысы комбинатының технологиясын қолдануды көздейді. Аталмыш технологияларды типтік құрылыс жобаларына қолдану 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының құнын 120 мың теңгеден асырмауға мүмкіндік береді.

Әкімдіктерде жер телімін алуға кезекте тұрғандар пилоттық жобаға қатысуға және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген дайын үйді жер телімімен сатып алуға, сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген несие алуға құқылы.

Осындай тәсілдер арқылы кезекте тұрғандар үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда — 70 мың теңге, кейінгі 10 жылда — 56 мың теңге болады. Бұл шаралар жыл сайын шамамен 40 мың үйді (4 млн шаршы метр) енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2017 жылы 184 үй пайдалануға берілді.

2018 жылы бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобалары жалғасын тапты. Республикалық бюджет есебінен сумен және электрмен жабдықтау желілері салынып жатыр. Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылы 160 үй пайдалануға берілген. Бұдан өзге, 179 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 20 үйдің жобалық-қаржылық құжаттары дайындалды. 5,08 мың шаршы метр болатын 54 ЖТҚ-ның сараптама қорытындысы келіп, құрылыс жұмыстарына байқау жарияланды.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында 2018 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 40 мыңға жуық жер телімі инженерлік коммуникациямен жабдықталды.

2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал, бұл — 100 мыңнан астам тұрғын үй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу