Былтыр демалушыларды 4 мыңға жуық орын қабылдады

267

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 бірлікке артық.  

Былтыр демалушыларды 4 мыңға жуық орын қабылдады Фото: kazakhstanhotel.kz

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда туристер мен демалушыларды 3 992 орналастыру орны қабылдады.

Орналастыру орындарының негізгі үлесін немесе 55% мейрамханасы бар/мейрамханасыз қонақүй, тағы 30% үйлер, коттедждер және пәтерлер құрайды.

Орналастыру орындарының түрлері:

  • мейрамханасы бар және жоқ қонақ үйлер – 2225
  • демалыс үйлері – 93
  • пансионат – 32
  • балалар лагері – 113
  • ауылды жердегі үйлер, коттедждер, пәтерлер – 1210
  • туристік базалар – 58
  • кемпингтер – 40
  • хостел – 140
  • басқа түрлері – 81

Айта кетейік, Қазақстанда "5 жұлдыз" санатында 25 қонақ үй, "4 жұлдыз" санатында 56 қонақ үй бар, ал 2 104 қонақ үйдің қандай да бір санаты жоқ.

Өткен жылдың 12 айында орналастыру орындары 229,2 млрд теңгеге 8,1 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу