Былтыр ел экономикасы 3,1% өсті

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелді. 

Былтыр ел экономикасы 3,1% өсті Фото: baq.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жағымсыз сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1% деңгейде тұрақты өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім - 3,2%, ал қызмет көрсету саласында - 2,5%-ды құрады. Оң өсім қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өңдеу қарқыны 1% төмендеді", – деді министр.

Сонымен қатар министр негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны туралы айтты. Оның мәліметінше, бұл көрсеткіш 7,8% артқан. Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестиция көлемі жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 15,4%, ауыл шаруашылығында – 6,9%, көлік және қоймалауда – 5,5%, сондай-ақ өнеркәсіпте - 5,6%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 14,2% ұлғайды.

"Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Астана қалаларында байқалды", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу