Былтыр ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті – Серік Жұманғарин

197

Құрылымдық өзгерістер қазірдің өзінде айқын байқалып отыр. 

Былтыр ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті – Серік Жұманғарин Фото: Үкімет

2025 жылы ел экономикасы тұрақты әрі сапалы өсуді көрсетті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы ел экономикасы тұрақты әрі сапалы өсуді көрсетті. Орта мерзімді перспективада мұнай-газ секторының Жалпы ішкі өңімнің өсіміне қосатын үлесі біртіндеп төмендейді. Бұл төмендеу өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыс, ауыл шаруашылығы және мұнай-газ секторынан басқа салалардың озық дамуымен өтеледі. Құрылымдық өзгерістер қазірдің өзінде айқын байқалуда. Егер 2010 жылы өңдеуші өнеркәсіптің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11,3% болса, 2024 жылы ол 12,4%-ға дейін өсті", – деді вице-премьер.

Сонымен қатар тау-кен өндіру секторының үлесі екі есеге жуық – 19,5%-дан 12%-ға дейін, оның ішінде мұнай мен газ өндіру үлесі 16,5%-дан 8,1%-ға дейін қысқарды.

"Экономикалық күрделілік индексі шеңберінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 145 елі арасында 55-орынды иеленді. Көршілес елдермен салыстырғанда 2020–2024 жылдары Қазақстан қарқынды серпіліс жасап, 87-орыннан 55-орынға көтерілді. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бізге инвестициялар көлемін ұлғайту қажет. Ұлттық жоспардағы болжамдарға сәйкес, инвестициялардың Жалпы ішкі өңімге қатынасы қазіргі 14–15%-дан 2029 жылы 23%-ға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде 2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есеге артуға тиіс", – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу