Былтыр елде кітапханаға келетін оқырмандар саны артқан

556

2021 жылы Қазақстанда кітапханаға келушілер саны 6 миллионнан асқан. Оның 34,6%-ы кітапхананың интернет-ресурсын пайдаланған көрінеді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Былтыр елде кітапханаға келетін оқырмандар саны артқан Фото: Хабар 24

Ақпаратқа сәйкес, ел халқының кітапханаларға деген қызығушылығы жоғары.

Соңғы 26 жылда Қазақстандағы кітапханалар саны екі есеге қысқарған (7352-ден 3920-ға дейін).  Дегенмен де адамдардың кітапханаларға бару көрсеткіші 1995 жылғы статистикамен бірдей. Тіпті 3,54%-ға артық деуге болады.

1999 жылы кітапханаға келушілер саны бар болғаны 2,6 млн адам болған. Бірақ содан бері кітапханалар біртіндеп танымалдыққа ие бола бастады. Былтыр бұл көрсеткіш 6 миллионнан асқан. Соның ішінде 34,6% адам (2,1 млн) кітапханалардың интернет-ресурсын пайдаланған көрінеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, былтыр ел кітапханаларының тек 56,7%-ы Интернетпен қамтамасыз етілген. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (28,5%), Атырау (30,6%) және Алматы (32%) облыстарында байқалған. Республикадағы ең үздік көрсеткіш Алматы қаласында (100%) тіркеліп отыр.

Компьютерлермен қамтамасыз етілу жағдайы да біркелкі емес. Ел бойынша барлығы 11,5 мың компьютер орнатылған. Олардың тек үштен бірі ғана кітапханаға келушілерге арналған.

1995-2021 жылдар аралығында елдегі мәдениет мекемелері арасында кітапханалардың саны әлдеқайда көп деген тұжырым жасауға болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу