Былтыр елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5,1 пайызға өсті

240

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Былтыр елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5,1 пайызға өсті Фото: canva.com

Есепті деректерге сәйкес өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2023 жылы 105,1%. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,2%, қызметтердікі – 56,4% құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең жоғары өсімді көлік және қойма – 117%, құрылыс – 115,1%, ақпарат және байланыс – 108,5% салалары көрсетті.

ЖІӨ-нің нақты көлем индексіне көтерме және бөлшек сауда салалары, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 1,32%, өнеркәсіп – 1,27%, құрылыс – 0,8%, Көлік және қоймалау-0,8% салаларының салымы жоғары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу