Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттаған, деп жазады inbusiness.kz.
Оның жалпы көлемінің 75%-ы (3,1 мың тонна) Ресейге жіберілді.
"Бұдан бөлек Өзбекстанға – 616,4 тонна, Беларуське 216,9 тонна, ал алма мен алмұрттың ең аз көлемі Қырғызстанға (37 тонна) экспортталды. ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс жеткізілді. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жіберілді. Сонымен қатар бұл кезеңде 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды", - делінген хабарламада.
Жемістерді жеткізуші негізгі үш елге Польша (62 мың тонна), Өзбекстан (17 мың тонна) және Иран (10 мың тонна) кірді.